«Жемқорлық — індет, жою — міндет»

18.06.2025
18 маусым күні С. Сейфуллин ауылдық үлгілі кітапханасында «Жемқорлық — індет, жою — міндет» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында ауыл тұрғыны, сержант Ш. Тоқанов жемқорлықтың түрлері, оның қоғамға тигізетін салдары және алдын алу жолдары туралы мәлімет берді. Мақсаты: Жемқорлықтың қоғамға тигізетін кері әсері туралы түсінік қалыптастыру, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру.