«Жемқорлықсыз қоғам бейнесі»

19.04.2023

«Жемқорлықсыз қоғам бейнесі» атты ақпараттық сағат

         Өскелең ұрпақтың бойына адалдық, әділдік, парасаттылық және отан сүйгіштік сияқты құндылықтарды қалыптастыру, оқырмандарды сыбайлас жемқорлық туралы материалдармен таныстыра отырып, адал өмір сүруге, әділ қаракет жасауға құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында 2023 жылдың  сәуір    айының  20 жұлдызында   «С.Сейфуллин атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ–нің Жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен «Парасат жолы»  жобасы аясында «Жемқорлықсыз қоғам бейнесі» атты ақпараттық сағат жас оқырмандарымен өткізілді.

     Іс шара барысында кітапханашы   Сыбайлас жемқорлықтың пайда болуы тарихы жайлы,жемқорлық туралы ұғымды түсіндіре отырып, талқыланатын тақырыптың өзектілігін атап өтіп, «Жемқорлыққа жол жоқ!» атты бейнебаян көрсетіліп,жас оқырмандар өз ойларымен бөлісті.

    Кітапханада ашылған «Парасат жолы» жобасы аясында ұйымдастырылған   кітап көрмесімен  кітапханашы Ибраева Нургул Аманбайқызы  парасаттылыққа, адалдыққа, әділдікке тәрбиелеп, жақсылыққа жетелейтін ақын-жазушылардың тағылымдық тұрғыдағы көркем шығармаларын, ұрпағын «адал адам болуға» үндеген ұлы Абайдың асыл мұралары, дала ойшылы, философ ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының адалдық, әділдік, парасаттылық, сенім сияқты асыл қасиеттерді дәріптеген шығармалары, сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес проблемалары туралы кітаптар мен мерзімдік басылым беттеріне жарияланған  мақалалармен  таныстырды.