«Жеңіс даңқы мәңгілік»

05.05.2023
5 мамыр С.Сейфуллин ауылдық үлгілі кітапханасында 9 мамыр Жеңіс күніне орай «Жеңіс даңқы мәңгілік» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, портреттік кеш өтті. Онда кітапханашы Г. Акатова кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасап, соғыстың зардаптары туралы айтып кетті. Мақсаты: Оқырмандарды Ұлы Отан соғысы тарихымен, ерлік істерімен таныстырып, толық мағлұмат беру.