«Жер – су аттарына шолу»

25.03.2025
Талдыбұлақ ауылдық кітапханасында 25 наурыз күні «Жер – су аттарына шолу» атты тәрбие сағаты өтті. Әрбір адам үшін кіндік қаны тамған туған жері қымбат. Оның өміріндегі орны ерекше, әсіресе жер-су атауларының маңызы зор.Ескен ауылында «Құдайменді» және «Шәлекен» өзендері бар. Ауылымыз Ескене тауының етегінде орналасқан. Осы тау құрметіне Бұқар Жақсыбаев атамыз «Ескене біздің жақта таудың аты» атты өлең жазған. Бұл әнді ауыл азаматы Мұқышов Біржан орындаған. Шара барысында оқушыларға өлкеміздегі жер-су атауларының ерекшеліктері мен олардың әрбір тарихи кезеңдегі атаулары туралы мәлімет берілді. Мақсаты: Оқушыларға ауылымыздың жер-су атауларының ерекшеліктері туралы мағлұмат беру.