«Жердің қорғаны – елдің тұтқасы»

06.05.2025

6 мамыр күні, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай, Қараағаш ауылдық үлгілі кітапханасының ұйымдастыруымен Ынталы жалпы білім беретін мектебінде АӘД пәнінің мұғалімі Аумағанбетов Айдын ағайдың және 6–7 сынып оқушыларының қатысуымен «Жердің қорғаны – елдің тұтқасы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара барысында кітап сөресі ұйымдастырылып, оқырмандарға таныстырылды. Атаулы шараны кітапханашы Жаңагүл Имантүсіпова жүргізді.Мақсаты: Жасөспірім оқырмандарға Отан деген қасиетті ұғымды сезіндіру, Отан алдындағы борышты түсіндіру және әрбір азаматтың елін қорғауға дайын болуы қажеттігін ұғындыру.