«ЖИТС қауіпті індет, онымен күресу міндет»
27.11.2024
27 қараша күні 1 желтоқсан -Бүкіләлемдік ЖИТС-пен қарсы күрес күніне орай «ЖИТС қауіпті індет, онымен күресу міндет» тақырыбында ақпарат сағаты өткізілді. Мақсаты: Адамзат өміріне қауіп төндіріп тұрған қатерлі дерттің алдын алу, оның жұғу жолдарын, одан сақтану, қорғану туралы оқырмандарға ақпарат беру. Бұл іс-шараға жасөспірім оқырмандар қатыстырылды. «ЖИТС-қа жол жоқ» ұранын өз қатарларына ұсыну арқылы салауатты өмір салтын ұстануды үндеді. Кітапханамыздың әлеуметтік желілеріндегі парақшаларға іс-шараның фото суреттері жарияланды.