«Жолдау – ел дамуының кепілі»
19.04.2024
19 cәуір күні Орынбай ауылдық үлгілі кітапханасында ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Жолдау – ел дамуының кепілі» атты дөңгелек үстелі өтті. Мақсаты: ҚР Президенті Қасым – Жомарт Тоқаевтың қазақстан халқына Жолдауын насихаттау.
Шара барысында Парламент пен Үкімет палаталарының бірлескен отырысында ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің алдағы дамуына қатысты ой тұжырымдарын айқындап көрсеткен ең маңызды тұстары айтылып, талқыға салынды. Сондай – ақ Жолдау аясында берілген тапсырмаларды іске асыру бойынша өз пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды.
Іс – шараға 10 сынып оқушылары мен ауыл тұрғындары қатысты.