«Жолдау мұраты-ел мүддесі»
01.01.2019
Қазақстан Республикасының Президенті ретінде парламент палаталарының бірлескен ашық отырысында Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына тұңғыш рет Жолдау арнады. Жолдау бойынша Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ақпараттық-библиографиялық бөлім меңгерушісі Оралбаева Ақбөпе Картайқызы, ақпараттық - библиографиялық бөлімінің кітапханашысы Асылхан Айгерім кітапхана қызметкерлері арасында Елбасы жолдауын насихаттап тарату, кешенді міндеттер мен көптеген іс-шараларды оқырмандар арасында өткізу жайлы ұсыныс жасады. Жолдауда атап көрсетілген, Үкіметке тапсырма ретінде берілген – білім және денсаулық сақтау саласын жетілдіру, еңбекақыны көбейту, халық табысын арттыру, мемлекеттік қызмет көрсетулердің жақсаруы, адам капиталын инвестициялау шараларының бәрі қазақстандықтардың өмір сапасын артуына кепіл болары сөзсіз. Жолдауда отбасы мен жастар мәселесі, табыс табу деңгейі, жолдар мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, шағын бизнесті қолдау, әлеуметтік саланы дамыту, сот және құқық қорғау жүйелерін арттыру ,ауыл шаруашылығы мен экология сияқты өзекті мәселелер қозғалды.
Жолдау Қазақстандықдардың өмір сүру сапасын арттырудың жаһандық стратегиясын білдіреді деп нық сеніммен айтуға болады.
Бұл маңызды құжатты ОКЖ қызметкерлері қуана құптап, бірауыздан қабылдады.