«Жұқпалы ішек ауруларының алдын алу жолдары»

12.05.2021

Бидайық ауылдық үлгілі кітапханасында 12 мамыр күні «Денсалық» қызығушылық клубы аясында «Жұқпалы ішек ауруларының алдын алу жолдары» атты гигиеналық сағаты өткізілді. Гигиеналық сағатты денсаулық қызығушылық клубының мүшесі Бидайық «ФАП» медбикесі Нұржанова Г. жүргізіп, көктем, жаз мезгілінде жиі кездесетін  «Жұқпалы ішек ауруларының алдын алу жолдары» туралы кеңінен мағлұмат берді. Оқырмандарға адам денсаулығының қымбаттылығын, салауатты өмір салтын ұстануды, дұрыс тамақтануды, ішек ауруларын алдын алу шаралары жайлы кеңес берді.