«Жұмбақ жан – Абайтану әлемінде»

13.06.2025
Бидайық ауылдық үлгілі кітапханасында 13 маусым күні «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында «Жұмбақ жан – Абайтану әлемінде» атты әдеби шолу өткізілді. Іс-шара қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы Тәкен Әлімқұловтың өмірі мен шығармашылығына арналды. Әдеби шолуға Бидайық жалпы білім беретін мектебінің 5-сынып оқушылары қатысты.Мақсаты: Оқырмандарға Тәкен Әлімқұловтың өмірі мен шығармашылық мұрасы туралы мағлұмат беру, сондай-ақ «Бір ел – бір кітап» акциясын кеңінен насихаттау.