«Жұмекең – қазақ поэзиясының алтын сандығы»

28.02.2025
28 қаңтар күні Байдалы би ауылдық үлгілі кітапханасында «Бір ел – бір кітап – 2025» республикалық акциясы аясында «Жұмекең – қазақ поэзиясының алтын сандығы» атты тұлғатану сағаты өтті. Шара барысында оқушылар қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері Жұмекен Нәжімеденов пен Төкен Әлімқұловтың өмір жолымен танысып, шығармаларына шолу жасады. Іс-шараға 7-сынып оқушылары қатысты. Мақсаты – оқушыларға жазушылардың өмірі мен шығармашылығын жан-жақты таныстыру, олардың өлеңдерінің терең мағынасын ашу және оқырмандарды кітап оқуға ынталандыру.