«Жұмкен – жаухары»

12.06.2025

    12 маусым күні Талдыбұлақ ауылдық кітапханасында «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында Ж. Нәжімеденовтың шығармашылығына арналған «Жұмкен – жаухары» атты кітап көрмесі мен әдеби сағат өткізілді. Іс-шара барысында ақын, жазушы, аудармашы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Жұмекен Нәжімеденовтің өмір жолы мен шығармашылығы туралы мағлұмат берілді. Ол – өмір бойы өлең жазумен қатар, қазақ әдебиетінде талантты аудармашы ретінде де терең із қалдырған тұлға.Шараға мектептің 4–5 сынып оқушылары мен кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысып, белсенділік танытты. Мақсаты: Ж. Нәжімеденовтің поэзиясы мен Т. Әлімқұловтың прозасын насихаттау, қос қаламгердің өмірі мен шығармашылығы жайлы мәлімет беру, оқушылардың мемлекеттік тілде сөйлеу мәдениетін дамыту және әдеби білімдерін толықтыру.