«Жұмысшы – мерейлі мамандық»

24.06.2025

24 маусым күні С.Сейфуллин атындағы үлгілі кітапханасында «Жұмысшы – мерейлі мамандық» тақырыбында қарапайым жұмысшы мамандық иелерінің қатысуымен пікір алмасу өтті. Шара барысында әр түрлі салада еңбек етіп жүрген жұмысшылар өз қызметтері туралы айтып, еңбек адамының қоғамдағы рөлі жайында ой бөлісті. Олар өз еңбектерінің жиі бағаланбайтынын, дегенмен адал еңбектің маңыздылығын атап өтті. Мақсаты: Жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы орнын түсіндіру, жастар арасында бұл мамандықтарға деген құрмет пен оң көзқарас қалыптастыру. Адал еңбек пен жұмысшы кәсібінің маңызын насихаттау.