«Жүрегіне жыр ұялаған....»

16.10.2023

16 қазан күні «Сәкен Сейфуллин атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің 80 жылдық мерейтойы» аясында ақпараттық-библиографиялық бөлімінің ұйымдастыруымен қазақтың көрнекті ақыны,  ҚР Абай атындағы мемлекеттік сыйлығының тұңғыш иегері, Ресей Жазушылар ұйымының Сергей Есенин атындағы алтын медалінің иегері, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Баянауыл және Жаңаарқа ауданының құрметті азаматы Ғалым Жайлыбайдың 65 жас мерейтойына орай «Жүрегіне жыр ұялаған....» атты  әдеби-танымдық кездесу кеші өтті. Кештің құрметті қонағы ақын Ғалым Жайлыбай болды. Сондай-ақ Жаңаарқа ауданының әкімінің орынбасары Аманжолов Әсет, аудан ардагерлері кеңесінің төрағасы Абжанов Амангелді, аудан ардагерлері Хасенов Бейбіт, Ахмедин Мэлс, Әбілдин Шайзада, кітапхана ардагері Жарылғапова Гауһар, тұрақты оқырман Жұмасейтов Жұмабай, аудандық ”Жаңаарқа“ газетінің директоры, бас-редактор, журналист Ералина Салтанат Аманқызы,  Еламан Шаханов атындағы ЖОББ тірек мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, облыстық «Сарыарқа» газетінің, Жаңаарқа ауданындағы меншікті тілшісі, қоғам белсендісі Шамаева Нұргүл Нагайқызы, мекеме басшылары мен мектеп ұстаздары, оқушылар тұрақты оқырмандар қатысты. 
Шара мақсаты өскелең ұрпақтың рухани жан-дүниесін байыту, танымдық көзқарасын қалыптастыру,  қазақ әдебиетіне, поэзиясына деген қызығушылығын арттыру, өлкеміздің ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылығын насихаттау.
Шара шымылдырығын ұстаз Жолданова Саягүлдің жетекшілігімен келген «Айкөркем» тобы «Аса таяқ» биімен ашты. 
Аудан әкімінің орынбасары Аманжолов Әсет құттықтау сөзін сөйлеп, ақын иығына шапан жапты. 
Ақын өмірі мен шығармашылығына арналаған бейнебаян көрсетіліп, кітапханашы Жакешова Әсемнің орындауында ақынның сөзіне жазылған «Есіл ағады» әні орындалды. 
Ғалым Жайлыбайдың құрметіне арнайы құрылған «Қазақ поэзиясының Ардакүреңі» атты ақынның жыр-жинақтары топтастырылған кітап көрмесіне кітапханашы Берлібаева Арайлым Жанатқызы библиографиялық шолу жасады.
Әдеби кездесу кешін әр қарай еркін форматта өткізу үшін аудандық «Жаңаарқа» газетінің директоры, бас-редактор, журналист Ералина Салтанат Аманқызына берілді. 
Ақын Ғалым Жайлыбай өз шығармашылығы мен өмір жолы жайлы сыр шертіп, өлең-жырларын оқыды.
Еламан Шаханов атындағы ЖОББ тірек мектебінің 6 сынып оқушылары Жұмкен Айару және 5 сынып оқушысы Өмірзақ Мирас әлем халықтарының 16 тіліне аударылған «Қара орамал» поэма-реквиемінен үзінді оқып, қобызшы, ұстаз-зейнеткер Бекхожина Ләззат күймен әрлеп, сүйемелдеді.
Ғалым Жайлыбайдың сөзіне, Рымтай Бөдесовтің әніне жазылған «Ақ қайың» әнін Жапин Бөкенбай Боранбайұлы домбырада нақышына келтіріп орындады.
Кітап жанашыры, тұрақты оқырман Жұмабай Жұмасейітов және жас ақындарды баулып жүрген Еламан Шаханов атындағы ЖОББ тірек мектебінің ұстазы, жыр жазудағы Бұқар жыраудың Қаржасы лақап атымен танымал Жаркеева Айдана арнайы өздері шығарған арнауларын оқып, сыйға тартты.
Сонымен қатар, ұстаз Бустекова Фаризаның жетекшілігімен келген Е.Шаханов атындағы тірек мектебінің 3 «Б» сынып оқушысы Айдархан Тыңдасын Саламатұлы «Алаштың арда туған бір баласы» өлеңін арнады.
Аудан ардагерлері Хасенов Бейбіт, Абжанов Амангелді, Жарылғапова Гауһарға сөз берілді, ел ағалары ақынға ізгі тілектерін айтып, баталарын берді.
ҚР мәдениет қайраткері, дәстүрлі әнші Жалын Сыздықов ақынның «Сәкеннің рухы» өлеңіне ән жазып, орындап берді.
Кеш соңында ақпараттық-библиографиялық бөлімі ұйымдастырған «ЖҮРЕГІНЕ ЖЫР ҰЯЛАҒАН ...» атты ақын Ғалым Жайлыбайдың таңдаулы туындыларын мәнерлеп оқудан онлайн байқауының жеңімпаздары Ошақбай Ақнұр (бас жүлде) «Қара орамал» поэма-реквиэмінен «Қоңыртөбе» бөлімін, Нұриден Арай (І орын) «Рух» өлеңін, Тұрымтай Мерей (ІІ орын) «Мой аул средь просторов Жанаарки» өлеңін, Қазыбекова Амина (ІІІ орын) «Әкемнің ескі шапаны» өлеңін мәнерлеп оқыды. Ақын Ғалым Жайлыбай марапаттап, сыйлықтарын табыстады. 
Сондай-ақ, әдеби кездесу кешіне белсене қатысқаны үшін алғыс хаттармен Бекхожина Ляззат, Жаркеева Айдана, Жолданова Саягүл, Жұмкен Айару, Өмірзақ Мирас, Серік Нұрай, Маратқызы Сағыныш, Мейрамқызы Елдана, Серік Нұрай, Қалмерден Аида, Көжебай Айша, Наурызбай Ажар, Оспанова Сағыныш марапатталып, кітаптар сыйға берілді.
Әнші Қызыров Балтабай «Жиырма бес» әнін орындап, әбеди кездесу кешін аяқтады.