«Жыр қыраны – Жұбан ақын»

12.06.2025
12 маусым күні Ш.Ералиев ауылдық кітапханасында көрнекті қазақ ақыны Жұбан Молдағалиевтің туғанына 105 жыл толуына орай «Жыр қыраны – Жұбан ақын» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу өткізілді. Іс-шара барысында оқырмандарға ақынның өмірі мен шығармашылық жолы, отбасы және әдеби мұрасы туралы мағлұматтар ұсынылды. Кітапхана қызметкері Ж.Молдағалиевтің поэзиясындағы Отанға, елге деген сүйіспеншілік, азаматтық үн мен рухани биік парасаттылықты атап өтті. Мақсаты: Жұбан Молдағалиевтің қаламгерлік шеберлігін таныту, оқырмандардың ақын шығармашылығына деген қызығушылығын арттыру, жас буынды поэзияны сүюге тәрбиелеу.