«Жыр қыраны – Жұбан ақын»

21.07.2025

21 шілде күні Байдалы би ауылдық үлгілі кітапханасында қазақтың көрнекті ақыны, жауынгер, «Мен — Қазақпын» поэмасының авторы, жыр дүлділдерінің бірі, қазақ поэзиясында өз үні, өз мәнері мен өлең өрнегі қалған ірі дарын иесі Жұбан Молдағалиевтің туғанына 105 жыл толуына орай «Жыр қыраны – Жұбан ақын» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Мақсаты:Оқушыларға ақынның өмірі мен шығармашылығын таныстыру, оның тұлғалық келбетін ашу, елін, жерін сүюге, Отанға деген сүйіспеншілікке баулу, халқын қастерлеуге және патриоттық сезімге тәрбиелеу. Сонымен қатар, оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, әдебиетке деген қызығушылығын арттыру.