«Жыр маржаны – Сайлаухан Нәкенов»

03.07.2025
3 шілде күні Ш.Ералиев ауылдық кітапханасында «Бір өлке — бір кітап» облыстық акциясы аясында, ақын Сайлаухан Нәкеновтің 85 жылдығына орай «Жыр маржаны – Сайлаухан Нәкенов» атты поэзия сағаты өткізілді.
Шара барысында оқырмандарға ақынның өмір жолы мен шығармалары таныстырылды. Мақсаты: Ақынның өмірі мен шығармашылығын насихаттау, оқырмандарды әдеби мұрамен таныстыру.