«Жыр сұңқары – Жұмекен Нәжімеденов»

11.02.2025

Ш.Ералиев ауылдық кітапханасында 11 ақпан күні 2025 жылға арналған «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Жұмекен Нәжімеденовтың туғанына 85 жыл толуына орай «Жыр сұңқары – Жұмекен Нәжімеденов» тақырыбында оқырмандарға библиографиялық шолу жасалды. Іс-шара барысында ақынның қазақ әдебиетіне қосқан үлесі, поэзиясындағы ерекше тақырыптар мен көркемдік әдістері туралы мәлімет берілді. Кітап көрмесі жастардың Ж.Нәжімеденов шығармашылығын тереңірек түсінуіне мүмкіндік туғызды. Мақсаты: Ж.Нәжімеденовтың өмірі мен шығармашылығын таныстыру.