Адамбаев Балтабай
Адамбаев Балтабай – 1919 жылы Ақмола уезі Қойтас –Сораң болысында туған. Жазушы, филология ғылымының кандитаты. Ұлы Отан соғысына қатысушы. Соғыс жылдары Тәшкендегі Фрунзе атындағы әскери академияның жоғары курсын, соғыстан кейін Жамбылдағы Абай атындағы педагогикалық училищені бітірген. Ұлы Отан соғысы кезінде Калинин майданындағы 4-ші гвардиялық атқыштар бригадасының құрамында рота командирі болып ұрыстарға қатысқан. 1945- 1947 жылдары Жамбыл облыстық тұтынушылар қоғамында қызмет атқарған. І-ші дәрежелі Отан соғысы орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған. «Сырларым», «Ақбөбек», «Шешендік сөздер», «Шешендік өнер», «Аманат», «Мәди», «Халық даналығы», «Мақалдар мен мәтелдер», «Жауынгер жолы», «Тұлпардың ізімен», және т.б. әдеби және ғылыми-зерттеу кітаптарының авторы.