Ілиясұлы Төлеухан

Алсай Төлеухан Ілиясұлы

           1947 жылы Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданындағы Атасу поселкесінде туған. С.М.Киров атындағы ҚазМУ – дің тарих факультетін тамамдаған. 1969 жылдан 1993 жылға дейін орыс орта мектептерінде тарих пен қоғамтану пәндерінен сабақ берген. 1995 жылдан Жезқазған облыстық «Центральный Казахстан» газетінің тілшісі, 1997 жылдан Қаражал қалалық «Атасу-Жәйрем Ақпарат», «Қазыналы өңір» газеттерінің бас редакторы. Бүгінде зейнеткер.

            Жазушының қаламынан: «Озатын ел ойшыл келеді», «Өмір сүргім келмейді, өмір сүргім» атты жыр жинақтары, «Сәкеннің соңғы мүмкіндігі», «Өмір-өзен», «Жайрем-Атасуйский рудный регион», «Солдат-всегда солдат», «Мир Асатова», «Шынара моя - Шынара», «Біз Мұғалдармыз», «Қаражал город горняков», «Жаңаарқа нақыштары», «Есімде қалған есімдер», «На фронте четвертой власти», «Канал Иртыш - Караганда» - Достояние Республики», «Арғын болсаң – Алтай бол!», «Ереуіл атқа ер салмай», «Адамзаттың абзалы – мұхаммед (с.ғ.с.)» атты көптеген тарихи деректі кітаптар жарық көрген.

Кітаптары:

1. Алсай Төлеухан Ілиясұлы. Есімде қалған есімдер. Ғұмырнамалық естеліктер/Қарағанды:ЖШС «Гласир», 2006.-304 б.

2. Ильясов А.Т. Сарбазы Сарыарки. Изб.произведения. Караганда: ТОО «Гласир» 2007 г. -264 стр.