Аманжолов Бақтыбай

АМАНЖОЛОВ Бақтыбай 1947 жылы «Өркендеу» колхозында туған. Қарағанды пединститутын бітірген. Ұзақ жылдар бұрынғы Атасу совхозының орталығы Байғұл аулында клуб меңгерушісі, кейін сол жердегі орталау мектепте мұғалім.

Бақтыбай - өрелі ойлы, терең толғамды өлең-жырлармен көпшілік көңілінен шығып жүрген талантты ақын. «Көлеңкеден күйгенге қонбай көңіл» (1993ж.), «Армысың аз зер дүние» (1997ж.) деген жинақтары кітап болып басылған.