Асанов Болат
Болат Асанов-Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданында 1950 жылы 27 қазан Қараағаш ауылдық округі, Ынталы ауылында туған. 1967 жылы Ынталы орта мектебін бітірген соң ауылында малшы, механизатор болып еңбек жолын бастаған. С.М. Киров атындағы ҚазМУ–да журналистика факультетін, Қарағанды маңызды білім беретін «Болашақ» университетінің «Педагогика және психология» факультетінтәмамдаған. Аудандық газет редакциясында тілші, бөлім меңгерушісі,орта мектепте Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі және психолог болып жұмыс істеген. М.А. Шолохов атындағы және халықаралық «Абай» атындағы медальдердің иегері. Өлеңдері республикалық басылымдарда жарияланып, аузы дуалы ақындардың назарын аударған. Жыр бәйгесі «Мүшайраларда» өлеңдері жүлделі орынға ие болған. 1997 жылы «Дала дидары» атты өлеңдер жинағы кітап болып шықты.Балалар әдебиетінің дамуына айтулы үлес қосып жүрген талантты ақындарының бірі. Ақынның 2020 жылы жарыққа шыққан «Ең әдемі құс қайсы?» (Алматы, «Алматы-Болашақ» АҚ, 2020 ж) «Шырайлы шырақ» («Алматы – Болашақ» АҚ баспасы,2023,ж), «Жетіген» атты ұжымдық жинаққа топтама өлеңдері енген. «Шырайлы шырақ» кітабына әр жылдары жазылған, түрлі тақырыптарды қамтитын өлең жырлар топтастырылған. Өлең - толғаулар идеялық,тақырыптық негізде «Тұғырым биік қашанда», «Туған ел түтіні», «Көңіл күй әуендері», «Уақытпен үндесу» атты бөлімдерге жүйеленіп берілген. Б.Асанов бүгінде – өлеңі өрлі, ойы орнықты, сөзі салмақты қолтаңбасы әбден қалыптасқан өнер иесі.