Асанов Мұқатай

Асанов Мұқатай 1924 жылы Жаңаарқа ауданы 3-ауылда туған. Соғыста жүріп Қызыл Жұлдыз орденімен, одан кейін Ұлы Отан соғысы орденімен, Киевті азат еткені үшін медалімен марапатталған. Үш рет жарақаттанып 2-қатардағы мүгедек болған. Ауылшаруашылық саласында 30 жыл еңбек етіп зейнеткерлікке шыққан. Бала-шағасы өскен қадірменді қария.