Асанова Әйкен

АСАНОВА Әйкен 1947 жылы «Алғабас» колхозының Ақтаудағы бөлімшесінде туған. Кешкі мектепте оқып он класс бітірген. Зейнеткерлікке шыққанға дейін ұзақ жылдар С.Сейфуллин селосындағы тұрмыс қажетін өтеу комбинатының меңгерушісі болған.

Нәзік сезімнің, аналық ақ жүректің белгісіндей, жылы шуаққа, пәк пейілге толы кестелі өлең-жырлары мерзімді баспасөз бетінде көптеп жарық көрген, оқырмандардың ыстық ықыласына бөленген. «Атыңнан айналайын, Жаңаарқам» жинағына топтама өлеңдері кірген.

 

Кітаптары: 

1. Асанова Айкен. Ару ана. - Қарағанды, 2009.