Асқаров Бақтияр
Туған жері Қызылтау завхозы 1945 жылы 11 қараша күні дүниеге келген Жаңаарқа ауданы,Сәкен ауылының бөлімшесі Алғабас ауылында балалық шағы өткен. Аскаров Бақтияр еңбек жолын 16 жасынан бастаған. Актау ауылына комсомол бригадасының мүшесі болып қой бағып елге кызмет еткен. Одан кейін Сәкен совхозына комбайншы болып жұмыс істеп, қамбаға миллиардтаған бидай құйды. Ерен еңбегінің арқасында 1973 жылы Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталып, 1974 жылы XVII сьездің делегаты болып Москваға барды. Одан кейін тың игеруге байланысты медальмен, комсомолдың Алтын жұлдызы медальімен марапатталған. 1976 жылы комсомолдың пленум мүшесі болды. Орталық Сайлау комиссиясының төрағасы қызметін атқарған. Қазіргі таңда 9 бала тәрбиелеп, 28 немере, шөбере сүйіп отырған ақсақалды ата.