Аттестаттау

Аттестаттау

Кадрларды аттестаттау – қызметкерлердің сапалық құрамын жақсартуға, қызметкерлердің жүктелген дәрежесін және оларды мамандық бойынша қолдануды анықтауға, басқару үлгісімен әдістерін жетілдіруге бағытталған қызметкерлерді басқарудың маңызды бір құрамдас бөлігі.

Аттестаттаудың мақсаты – кадрларды таңдау және орналастыруды жақсарту, олардың кәсіби және іскерлік  біліктіліктерінің өсуін қамтамасыз ету, еңбектерінің тиімділігін ынталандыру және жоғарылату және т.б.

Аттестаттаудың негізгі міндеттері: қызметкердің атқаратын қызметіне сәйкестігін анықтау; қызметкердің қабілеттері мен мүмкіндіктерін қолданудың перспективаларын айқындау; қызметкердің кәсіби деңгейінің өсуін ынталандыру; мекеменің басқарушы құрамының резервін құру; қызметкерлердің кәсіби деңгейін жоғарылату; қызметкерлердің еңбекақысын төлеу жайлы мәселелерді шешу; лауазымдардық атауларын біліктілік талаптарына сәйкестендіру, біліктілікті арттыру немесе қызметкерлерге білім беру және дамыту және т.б. бағдарламаларды құру барысында кадрлік саясат және штаттық кестені қайта құру бойынша шешімдер қабылдау.

 

Аттестаттауды өткізу және дайындау технологиясы бірнеше кезеңдерден тұрады:

I. Дайындық кезеңі

Аттестаттауды өткізудің  мақсаты мен уақытын (мерзімділігін) анықтау.

1. Қызметкерлерді аттестаттау туралы ережені дайындау және бекіту; (негізгі жергілікті нормативтік акт) нормативтік-құқықтық базаға сәйкес.

"Мәдениет туралы" 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 207-III Қазақстан Республикасының Заңы (2019.15.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

"Мемлекеттік мәдениет ұйымдарының азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізудің қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 189 бұйрығы (2018.15.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

3. Аттестаттауды өткізудегі қажетті құжаттарды қарап (оқып) шығу

  • кітапханадағы ішкі еңбек тәртібінің ережесі;
  • құрылымдық бөлімшелер туралы ереже, қызметтік нұсқаулар және т.б.

4. Аттестаттауды дайындау және өткізу туралы құжаттар:

аттестаттау туралы бұйрық дайындау, қызметкерлер тізімі;

аттестатауға тиісті және тиісті емес;

аттестаттау комиссиясының тізімі (комиссия төрағасы, тиісті дайындығы бар хаттамалық іс-шараларды техникалық-ұйымдастыруды қамтамасыз ететін аттестаттау комиссиясының хатшысы);

аттестаттауды өткізу әдістері;

аттестаттауды өткізу жоспарының үлгісі;

кадр бойынша инспектор (Аттестаттау туралы қазіргі қолданыстағы ережеге сүйеніп аттестатталушының қажетті құжаттарын дайындау);

аттестаттауды өткізудің кесте-жоспарын құрастыру;

аттестаттауды өткізу тәртібі;  

аттестатталушы тұлғалардың жоспарланғанға дейінгі аттестаттау мерзімінің кестесіне сәйкес бір айдан кем емес мерзімде аттестация өткізу күні туралы жазбаша хабарлауы (қол қойылғанда жарамды);

кеңестер, семинарлар, дәрістер және басқаларын ұйымдастырып өткізу;

 

II. Қажетті құжаттар пакетін дайындау

1. Аттестатталушыға мінездеме жасау;

2. Аттестатталушы өзін өзі бағалау нысанын толтыру;

3. Аттестатталушы тұлғаға қолданыстағы ереженің қосымшасына сәйкес аттестаттау парағын дайындау; 

4. Бағалау парақтарын және басқа құжаттарды дайындау (сауалнама, мәтіндер, сұрақтар);  

 

III. Аттестаттауды өткізу

  1. 1.  Аттестатталушымен әңгіме өткізу, ұсынылған құжаттарды талдау, алдағы өткен аттестаттаудың нәтижесімен салыстыру. Алдын ала қызметкердің іскерлік қасиеттері туралы қорытынды жасалады. Аттестатталушы тұлғаның хабарламасы тыңдалады, қажетті жағдайда – аттестаттау кезеңі барысында кәсіби қызметі туралы оның тікелей бастығы тыңдалады. Аттестаттау мерзімі ішінде аттестатталушы қызметкердің іскерлік қасиеттеріне және оның кәсіби қызметінің нәтижесіне баға беріледі.
  2. 2.  Әр қызметкер үшін шешім қабылданады. Нормативтік құқықтық актіні ескеріп қызметкерге біліктілік деңгейін белгілеу өлшемі анықталады.

«Мемлекеттік мәдениет ұйымдары басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 17 шілдедегі № 209 бұйрығы

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі. 139-бап. Азаматтық қызмет

«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 Қаулысы (2018.24.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Аттестаттау нәтижелерін рәсімдеу (жоспарлы аттестаттаудың қорытындысы бойынша аттестаттық комиссияның шешімі)

  • Аттестаттаудан өтуші тұлғалар үшін өзінің лауазымдық міндеттерін толық және сапалы орындауды қамтамасыз етуге бағытталған ұсыныстар жасау (жүктелген жұмыстар);
  • Аттестатталушы қызметкерге байланысты комиссия келесі шешімдердің бірін қабылдайды;
  • Атқаратын қызметіне лайықты (орындайтын жұмысына);
  • Осы лауазымға лайық (орындайтын жұмысына) және бос қызмет орнын алу үшін кадрлық резервке енгізілуге ұсынылады;
  • Сәйкес шаралар орындалып біткеннен кейін қайта аттестаттау арқылы кәсіби қайта даярлаудан өтуді немесе біліктілігін жоғарлатуды қажет етеді;
  • Біліктіліктің жеткіліксіздігі салдарынан атқаратын қызметіне лайықты емес (орындайтын жұмысына) ;
  • Аттестаттау нәтижесі аттестаттық параққа енгізіледі (№  қосымша қазіргі қосымшаға).
  •  

IV  Аттестаттау нәтижелерін іске асыру

1. Аттестаттаудың қорытындысы бойынша бұйрық шығару және жиналыс өткізу;

2. Деректерді кадр бөліміне тапсыру, алынған деректерді қызметкердің жеке ісіне (файл) енгізу ;

3. Аттестаттаудың нәтижелерін талдап қорыту


Кітапханашыларға арналған тест сұрақтары