Байбосынов Ахат

Ахат Байбосынов – 1957 жылы Жаңаарқа ауданы Атасу кентінде дүниеге келген. Күйші-сазгер. Орта мектепті бітірген соң, Жаңаарқа аудандық мәдениет үйінде автоклуб меңгерушісі болып істеген. Жезқазған музыка училищесін бітірген соң «Қаракөз», «Жезкиік», «Ұлытау» ән-күй ансамбльдерінің мүшесі ретінде Алмания, Франция, Ресей қалаларында гастрольдік сапарлармен болған. Жезқазған облыстық филармониясында 30 жылдай қызмет атқарған. А.Байбосыновтың репертуарында 100-ден астам күйлер бар. Өзі шығарған «Аққу үні», «Ор киік», «Төрт тұлға», «Тұңғиық», «Ұлытау», т.б. күйлердің, «Шашу», «Қаныш аға», «Гүлзада», «Түгіскен», «Досыма», «Үкілі Ыбырай» әндерінің авторы.


Кітаптар: 

1. Салықов К. Жезкиік. Әнге оранған өлеңдер жинағы. – Астана: Фолиант, 2007. – 340 бет.