Байдалы Бекшеұлы

(1725 — 1820) Абылай және Уәли хандардың тұсында өмір сүрген, орта жүзге билік айтып, хандар саясатына ықпалын жүргізілген данагөй билердің көрнекті өкілі, ауызы дуалы шешендердің бірегейі. Туған жері – Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданына қарасты Атасу өзенінің бас жағындағы Айдаһарлы аталатын таудың баурайындағы кейінрек Жалпаққора аталған қыстақтың орны. Жерленген жері – Шідерті өзенінің жағасындағы биік төбе.