Базарбеков Мұқан
Базарбеков Мұқан – 1937ж. Жаңаарқа ауданы ұжымшарында туған. Жоғары білімді зоотехник. Қарағанды кеңес – партия мектебін бітірген (1965). Жаңаарқа аупарткомының нұсқаушысы (1965-75), Жезқазған облыстық мемлекеттік дайындау инспекциясының Жаңаарқа ауданы бойынша бас мемлекеттік инспекторы (1975-86), Жаңаарқа аудандық агроөнеркәсіп бірлестігінің бас зоотехнигі (1986-87), аудандық тұтынушылар одағының дайындау конторасының директоры (1987-88), Жезқазған обл. жоспар бірлестігінің селекция және тұқым асылдандыру бөлімінің зоотехнигі (1988-93), Жаңаарқа аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының информатика жөніндегі маманы (1993-95), Жаңаарқа аудандық Мәслихатының аға референті (1995-2000) қызметтерін атқарған.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Жаңаарқа:Энциклопедия.-Алматы:Темірқазақ,2009.-127 бет.
2.Жұмаділдин Асан.Жаңаарқа.Дерекнама.-Алматы:Кенже-Пресс-Медиа,2003.-487 бет.