Бейсенова Әлия Сәрсенқызы
Әлия Сәрсенқызы Бейсенова (25 наурыз 1932 жылы Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Жаңаарқа кентінде туған) — қазақстандық ғалым, География ғылымының докторы, профессор. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі. Қазақстан Білім Беру ісінің Құрметті Қызыметкері. «Ы.Алтынсарин» атындағы төсбелгінің иегері. Ш.Уалиханов атындағы сыйлықтың лауреаты. Қазақ КСР Еңбек сіңірген мұғалімі. Қазақстанның физикалық географиясы, экологиясы, дүниежүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы бойынша жалпы білім беретін мектептер мен жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар мен оқу әдістемелік құралдардың, монографиялардың т.б ғылыми зерттеу еңбектерінің, ғылыми мақалалардың авторы.
Кітаптары:
1. Өмір өткелдері. – Алматы: «Білім» баспасы, 2007. – 240 бет.
2. Өнегелі өмір /ред. басқ. Ғ.М. Мұтанов. – Алматы: Қазақ университеті, 2017. Ш.102. – 379 б., сур.