Бикенов Жарылғасын
Бикенов Жарылғасын Бикенұлы, 1943 жылы Қарағанды облысы Нұра ауданы Көбетей ауылында туды. Новосибирскі кеңестік және кооперативтік сауда институтын бітірді. 38 жылдан астам Қарағанды облыстық тұтынушылар кооперациясы бас бугалтеры қызметін атқарады. «Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері» 1994, «Нұра ауданы құрметті азаматы»2006ж, «Қарағанды.Қарағанды облысы», 2006ж, «Караганда.Карагандинская область»2008,Нұра ауданы энциклопедияларында2008 және «Қазақ жерінің зиялы азаматтары- Почитаемые люди земли Казахской» 2006 ғұмырнамалық жинақтары, « Десятилетия созидания; годы, события, люди» 2006, Торғай Садуақастың «Астана аймағы»2008 кітаптарында мәлімет берілген. Руы Алтай- Қалыбек.
Бикенов Ж.Б, Исабек Т.К, Әбеуов Қ. Ә «Тоқа шежіресі» 2000, «Қарпық шежіресі»2002, «Қарпық және Қожа шежіресі» 2008 кітаптарының авторы.
Кітаптары:
1. Тоқа шежіресі. – Қарағанды: ААҚ «Қарағанды полиграфиясы» 2000-402 бет