"Бір ел - бір кітап 2013" акциясы

2013 жылы «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Фариза Оңғарсованың «Дауа» кітабы оқылады. Бұл туралы бүгін Астанадағы Ұлттық академиялық  кітапханасында өткен баспасөз маслихатында мәлім болды. Айта кетейік, өткен айда 2013 жылы халық жаппай оқитын кітап таңдау үшін «Бір ел – бір кітап» акциясы ұйымдастыру комитетінің отырысы болып өтті. Мәжіліс қатысушыларына ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы, Назарбаев орталығының кітапханасы, Облыстық  әмбебап кітапханалар, Астана қаласының Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі, С.Бегалин атындағы Мемлекеттік балалар кітапханасы, Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы, Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған Республикалық кітапханасы жүргізген сауалнама қорытындысы бойынша іріктелген авторлар тізімі ұсынылды.

     Тізімге Ғабит Мүсіреповтың «Ұлпан» романы, Сәкен Сейфуллин поэзиясы, Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романы, Фариза Оңғарсованың өлеңдері, Мұқағали Мақатаевтың лирикасы, Сайын Мұратбековтың «Басында Үшқараның…» атты прозалық шығармалары, Сәкен Жүнісовтың «Ақан сері» романы, Саттар Ерубаевтың «Менің құрдастарым» романы, Ілияс Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасы, Әбдіжәміл Нұрпейісовтың «Қан мен тер» трилоггиясы енген еді. Талқылау барысында қазақ әдебиетінің классикалық шығармасы ретінде оқылуға лайық осынау әрбір шығарманың құндылықтары туралы айтылды. Алайда ұйымдастыру комитеті мүшелерінің көпшілігі өз дауыстарын Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Фариза Оңғарсованың поэзиясы үшін берді. Акцияның кітабы ретінде ақынның «Дауа» атты лирикалық жыр кітабы ұсынылды.

       Бүгінде Фариза Оңғарсова Қазақстанның ең көп оқылатын авторы болып саналады. Оның шығармашылығының негізгі тақырыптары – сүйіспеншілік пен жек көрушілік, ерлік пен қорқақтық, жақсылық пен жамандық. Өзінің көптеген өлеңдерін ақын туған ауылына, жерлестеріне және бүкіл қазақстандықтарға арнады. Фариза Оңғарсынованың шығармаларына әлеуметтік пен азаматтық тән, ақын жырлары отансүйгіштік рухты оятып, туған халқын сүюге, құрметтеуге, оның дәстүрлері мен мәдениетін қастерлеуге шақырады. Фариза Оңғарсынова әлі күнге  қазақстандық поэзияның  дамуына өз үлесін қосуда: ол «Тұмар» атты республикалық – көркем журналдың бас редакторы болып табылады, сонымен қатар жас талантты әдебиетшілерді қолдайды.

       Жыл бойына Астанадағы ҚР ҰАК – сында, Алматыдағы ҚР Ұлттық кітапханасында, облыстық, аудандық және ауылдық кітапханаларда, әртүрлі мекемелердің кітапханаларында Фариза Оңғарсынованың шығармашылығына арналған іс – шаралар өтетін болады. Акцияға жыл сайын білім беру мекемелері, сондай – ақ әскери бөлімдер қатысады.