«Бір ел – бір кітап 2022» акциясы

"Бір ел - бір кітап" республикалық акциясы елімізде 2007 жылдан бері 15 жыл бойы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық Кітапханасы мен ҚР кітапханалар қауымдастығының бастамасымен өткізіліп келеді.

Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетті насихаттау, тарихи-мәдени және рухани мұраны сақтау, жастарды адамгершілік-патриоттыққа тәрбиелеу, ана тілін құрметтеу.

Baitursynov Akhmet 2022 жылы ұлтымыздың ұлы ұстазы, қазақ ағартушысы, мемлекет қайраткері, лингвист ғалым, әдебиеттанушы, түркітанушы, ақын және аудармашы, қоғам қайраткері және саяси публицист, реформатор, Алаш партиясының мүшесі Ахмет Байтұрсыновтың (1872-1937жж.) туғанына 150 жыл толады. 2022 жылы “Бір ел – бір кітап – 2022” республикалық акциясы аясында оқуға ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы шығармаларын оқуға шақырамыз. Биыл Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын ЮНЕСКО көлемінде және елімізде атап өтеді. Қазақ елі үшін Ахмет Байтұрсынұлы ерекше тұлға, ол мемлекет қайраткері, ғалым, ағартушы, ақын, публицист, ұлттық жазудың реформаторы, қазақ лингвистикасы мен әдебиеттанудың негізін қалаушы.

2022 жылы «Бір ел – бір кітап» акциясы бойынша еліміз Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығын келесі бағыттар бойынша зерттейтін болады: 

«Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мұрасы»:

1. Сақ Қ. «Алаш көсемсөзі: Дін мәселесі». – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2014.

2. Гүлнар Дулатова. «Алаштың сөнбес жұлдыздары: Естелік-эссе». –Алматы: Мектеп, 2012. -392 б.:сур.

3. Ахмет Байтұрсынұлы мұражай-үйі: Анықтамалар мен шешімдер.

 

- «Ахмет Байтұрсынұлының әдеби шығармалары»;

1. Байтұрсынұлы Ахмет.Алты томдық шығармалар жинағы. – Алматы: «Ел-шежіре», – 2013. Т.І: -384б.

2. Байтұрсынұлы Ахмет. Алты томдық шығармалар жинағы.Оқу құралы. – Алматы: «Ел-шежіре», 2013. Т.ІІ: -384б.      

3. Байтұрсынұлы Ахмет. Алты томдық шығармалар жинағы. Тіл – құрал (қазақ тілі мен оқу-ағартуға қатысты еңбектері). – Алматы: «Ел-шежіре», – 2013. Т.ІІІ: -384б.

4. Байтұрсынұлы Ахмет. Алты томдық шығармалар жинағы.Əліппелер мен мақалалар жинағы.  (Төте жазудағы тұңғыш əліппелер жəне ұлттық баспасөз-де жарияланған көсемсөздер). – Алматы: «Ел-шежіре», – 2013. Т. ІV: –384 б.

5. Байтұрсынұлы Ахмет Б 20Алты томдық шығармалар жинағы. «Ер Сайын», «23 жоқтау» ауыз әдеби мұрасы, көсемсөздері, табылған туындылары. – Алматы: «Ел-шежіре», – 2013. Т. V: – 384 б.  

 

- «Ахмет Байтұрсынұлының қанатты сөздері»;

1. Ахмет Байтұрсынұлы. Мысалдар. –Алаты. 42б.