Биткөзов Диқанбай

Биткөзов Диқанбай Дүржанұлы балуан. 1941 жылы Жаңаарқа ауданы Ынталы ұжымшарының Белқараған ауылында туған. Мамандығы ғалым – агроном, Алматы ауыл шаруашылығы институтының түлегі. Белгілі балуан, самбо күресінен КСРО спорт шебері (1965), самбодан (1991) және қазақ күресінен (2007) халықаралық  дәрежедегі төреші. ҚР құрметті спорт  қайраткері (2007). ҚР-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы (1980), ҚР-ның еңбек сіңірген мұғалімі (1991). КСРО «Дене тәрбиесі және спорт үздігі» (1980). ҚазКСР оқу – ағарту ісінің үздігі (1981) Жаңаарқа ауданының құрметті азаматы (1997). ҚР бірнеше дүркін және КСРО ауыл спортшыларының чемпионы. Жаңаарқа ауданы  «Рассвет» кеңшарында агроном, спорт нұсқаушысы, аудан орталығындағы «Жас сұңқар» спорт мектебінде жаттықтырушы, оқу ісінің меңгерушісі болып істеген. 1972 жылдан жаттықтырушылық қызметте. Көптеген Әлем Еуропа, Азия, КСРО, Республика чемпиондарын, 150-ден астам спорт шеберлерін дайындаған. Қарағанды облысының қазақ күресінен аға бапкері. «Жас сұңқар» облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің қазақ күресінен аға жаттықтырушысы.Еңбек Қызыл Ту орденінің (1986), «Ардагер» меделінің (1986), ҚРспорт және туризм жөніндегі агенттігінің «Құрмет белгісінің» (2001) иегері.