Далбаев Төлеу

        Далбаев Төлеу 1919 жылы туған. Ынтымақ колхозының мүшесі болып еңбек еткен.1941 жылы әскерге алынып, отан соғысынан лейтенант шенімен оралған. Ленин орта мектебіне соғыс өнерінен сабақ беретін мұғалім болып орналасқан, Мектеп жанындағы интернатта жетекші-тәрбиеші болып жұмыс атқарған. Сырттай оқып Қарағанды мұғалімдер институтының физика-математика факультетін бітіріп, зейнеткерлікке шыққанша математика пәнінен сабақ берген. Төлеу әңгімені көп білетін әзілқой адам  болған.Жұбайы Әбдікешова Мәкітай екеуі 13 бала өсіріп, ұлын ұяға қызын  қияға қондырған. Далбаев Төлеу 2000 жылдың 31желтоқсан күні дүниеден өтті.