ДӘРІБАЕВ Хамит

1944 ж. Жамбыл облысының Талас ауданында туған. ҚазМУ-дің журналистика факультетін сырттай бітірген. Аудандық мәдениет бөлімінде, «Жаңаарқа» газетінде қызмет істеген. С.Сейфуллин атындағы мұражайдың директоры. Тәттімбет, Сайдалы Сарытоқа туралы жазған деректі повестері жарық көрген. Ән-күй шығарумен әуестенеді.