ДҮЙСЕНҰЛЫ Тұңғышбай

ДҮЙСЕНҰЛЫ Тұңғышбай ХІХ ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген. Туған, өлген жылдары белгісіз. Қазіргі Жаңаарқа ауданы Ақтау өңірінде туып өскен. Орта жасқа келгенде Құланөтпес-Нұра, кейін Ақмола жерін қоныстанған. Тұңғышбайдың өлеңдері Төлеу қариядан жазылып алынған. Тұңғышбай қырғыз Қонай ақынмен айтысқан. Топтама өлеңдері «Атыңнан айналдым, Жаңаарқам» жинағына енген.