Дулатбеков Нұрлан Орынбасарұлы

       1962 жылы 5 мамырда Қарағанды облысы Шет ауданы Ақсу-Аюлы ауылында дүниеге келген. 1984 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Заң ғылымының докторы (2003), профессор (2004). ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі (2012). 2013 жылдың 5 маусымынан Қарағанды облыстық Маслихатының хатшысы.
      1984–1995 жылдары Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, 1996 жылдан Қарағанды қаласындағы «Болашақ» институтының ректоры (2007 жылдан «Болашақ» университеті).

          Кітапқа заң ғылымдарының докторы, профессор Н.Дулатбековтің ХІХ-ХХ ғасырлар тоғысында Санкт- Петербург университетінде білім алган бір топ Алаш ардақтыларының өмірі мен қайраткерлігіне қатысты біраз жылдардан бері тұрақты зерттеп, жазып, жариялап келе жатқан мақалалары топтастырылган. Нақтылы мұрағат материалдарына негізделген жазбалар сонау ел басына күн туған алмағайып кезеңде қазақ халқын ұлт қылып ұйыстырып, ел қылып қалыптастыру мақсатында еселеп еңбек сіңірген, сол жолда бастарын бәйгеге тіккен текті тұлғалардың талайлы тагдырлары жайында баян етеді.

 

Кітаптары: 

1. «Алаш ардақтылары» Санкт-Петербург іздері./Н. Дулатбеков. – Караған­ды: Болашақ-Баспа, 2012 – 188 бет.