Әбілдин Қалиақпар
1935 жылы Жаңаарқа ауданының орталығы Атасу кентінде туған. Қарағанды пединститутның физика-математика факультетін бітірген. Еңбекжолын аудандық комсомол комитетінде мектеп бөлімінің меңгерушісі болып бастаған. 1958 жылдан бастап журналистік қызметке ауысады. Аудандық «Жаңаарқа» газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, 1976-1986 жылдар аралығында оның редактор, сол сияқты Жезқазған облысы құрылған кезден бастап он жылға жуық облыстық «Жезқазған туы» кейінен Сарыарқа газетінің меншікті тілшісі болып қызымет атқарған. Әбілдин газеттің барлық жанрында төгілтіп жаза білетін, оқырмандарға кеңінен танылған қаламы ұшқыр журналист. Қазақстан журналистер одағының мүшесі. Сонымен қатар өзіндік өрнегі бар талантты ақын. Өлеңдері мен поэмалары, толғаулары мерзімді баспасөз беттерінде жиі жарияланып отырған. Әдеби-этнографиялық «Өмір» журналының 4-ші кітабында ұзақ толғауы, «Атыңнан айналдым, Жаңаарқам» жинағына топтама өлеңдері басылған. 1935 жылы Жаңаарқа ауданының орталығы Атасу кентінде туған. Қарағанды пединститутның физика-математика факультетін бітірген. Еңбекжолын аудандық комсомол комитетінде мектеп бөлімінің меңгерушісі болып бастаған. 1958 жылдан бастап журналистік қызметке ауысады. Аудандық «Жаңаарқа» газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, 1976-1986 жылдар аралығында оның редактор, сол сияқты Жезқазған облысы құрылған кезден бастап он жылға жуық облыстық «Жезқазған туы» кейінен Сарыарқа газетінің меншікті тілшісі болып қызымет атқарған. Әбілдин газеттің барлық жанрында төгілтіп жаза білетін, оқырмандарға кеңінен танылған қаламы ұшқыр журналист. Қазақстан журналистер одағының мүшесі. Сонымен қатар өзіндік өрнегі бар талантты ақын. Өлеңдері мен поэмалары, толғаулары мерзімді баспасөз беттерінде жиі жарияланып отырған. Әдеби-этнографиялық «Өмір» журналының 4-ші кітабында ұзақ толғауы, «Атыңнан айналдым, Жаңаарқам» жинағына топтама өлеңдері басылған.