Әбішев Сұлтанбек

Әбішев Сұлтанбек Кеңесұлы-1969 жылы Жаңаарқа ауданы С.Сейфуллин атындағы ауылда туған. Интернационалист- жауынгер. Жаңаарқа КТУ-12 бітірген (1987ж).Еңбек жолын ПМК- 121 мекемесінде монтажшы-бетоншы болып бастаған. 1987 жылы әскер қатарына шақырылып, Түркімен КСР-нің Кушка қаласындағы №91015 әскери бөлімінде алты айлық дайындау-жаттығу курсынан өтті. 1988 жылы Ауғанстан Демократиялық Республикасының Құндыз провинциясында орналасқан шектеулі контенгеттің №82869 әскери интернационалдық борышын өтеді. 1989 жылдан Тәжікстан КСР-нің Қорғантөбе қаласында орналасқан № 28804 әскери бөлімінің 1- мотоатқыштар батальонында старшина қызметін атқарып, 1989 жылы туған елге абыроймен оралды. 1991- 92 жж. Жезқазған қаласындағы С.Қожамқұлов атындағы қазақ музыкалық драма театрының жанынан ашылған театр студиясына түсіп, актерлік қызметін қоса атқарды. 1 топтағы мүгедек. «Нұр Отан» ХДП Жаңаарқа аудандық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі «Бірлік» қоғамдық ұйымының төреағасы.