Әбжанов Ханкелді

Ханкелді Махмұтұлы Әбжанов 1953 жылы туған, Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы – тарих ғылымдарының докторы, профессор Арғын тайпасы Қуандық руының барқы бөлімінен шыққан ҚазМУ-дың тарих факультетін (1976, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Ақмола құрылыс инженерлері институтында және ҚазМУ-да оқытушы (1976–1979), ал 1979 жылдан Қазақстан Ғылым Акедемиясының Тарих, археологиялық және этнологиялық институтында ғалым, аға ғылыми қызметкер, Еуразия ұлттық университетінде кафедра меңгерушісі, Қазақстан мемлекеті тарихы ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары қызметтерін атқарады. 1992 жылы «Қазақстанның ауыл интеллигенциясы: қалыптасуының және әлеуметтік іс-әрекеттерінің тарихи тәжірибесі (1946–1985 жылы)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.Әбжанов 50-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 5 монографияның авторы. «Алаш және ұлттық идея», «Миссия интеллигенции», «Алаш зиялысы», «Алаш аманаты және ұлттық идея» атты мақалаларында, А.Байтұрсынұлы, Ә.Бөкейхан, М.Шоқай, Мұхаметжан Тынышбаев, Н.Төреқұлов, С.Сәдуақасов, т.б. тұлғаларға арналған зерттеулерінде XX ғасыр басындағы қазақ зиялыларының тағдыры, қоғамдық-саяси көзқарастары мен қызметі, Ресейдегі либералдық қозғалыспен ықпалдастығы, большевизммен арақатынасы, қоғамның интеллектуалдық әлпетін нығайтудағы рөлі сараланған.

 

Кітаптары:

1. Назарбаева Г., Әбжанов Х. Қазақстан; тарих тұлға теория. – Алматы, -2004-344 бет

2. Назарбаева Г., Әбжанов Х. Қазақстан: тарих пен тағдыр. Мақалалар. – Алматы: «Кітап баспасы» ЖШС. – 2003 – 296 бет.

3. Әбжанов Х., Кенжебаев Ғ. Тәуелсіз Қазақстан: Жоғары білім, ғылым, саясат. / Хангелді Әбжанов, Ғабит Кенжебаев. – Алматы: «Баспалар үйі», 2009. – 312 б.

4. Әбжанов Х. Қазақстан: тарих, тіл, ұлт. – Астана: «Ана тіл – Ата тарих» баспа-Зерттеу орталығы ЖШС., - 2007 – 272б.