Әлмағанбетов Нүркен

        Әлмағанбетов Нүркен 1925 жылы туған. 1943 жылы хабарсыз кеткен деп жазылған «Боздақтар» кітабында. Бұл жаңсақ жазылған. Әлмағанбетов Нүркен Жаңаарқа ауданында туып, 1 қазақ орта мектебін бітірген.Сол мектепті тамамдаған соң, 1943 жылы әскерге алынған.1-Украин майданында 127 атқыштар дивизиясының зенитші ротасында пулемет бағдарлаушысы  болған.1944 жылы танкке қарсы ататын взвод командирі болды. Екі рет  Қызыл Жұлдыз және 1-ші дәрежелі Отан соғысы орденімен, бірнеше медальдармен  наградталған. Алматы  халық  шаруашылығы институтын бітіргеннен кейін,бір жолата ауыл шаруашылығы саласына қызметке ауысқан.1969-1970 жылыдары Өспен совхозында, одан кейін өмірінің соңына дейін С.Сейфуллин атындағы совхоздың бас экономисті болып еңбек еткен. «Қазақ ССР-не еңбегі сіңген экономист» атағы берілді.