ӘЛТАЙ Аманжол

1971 жылы Жаңаарқа ауданы Ақтүбекте туған. ҚарМУ-дың филология факультетін бітірген. Осы білім ордасында қазақ әдебиеті кафедрасында аға оқытушы болды. Қазір Астанадағы Еуразия университетінің оқытушысы. Филология ғылымының кандидаты.

Аманжол халқымыздың қасиетті өнері айтысының бүгінгі таңдағы хас шеберлерінің бірі, шашасына шаң жуытпай оза шауып, бәйге алып жүрген тарлан талант. Халықаралық, республикалық дәрежеде өткізіліп жүрген айтыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы.

1998 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, өлеңдері жеке кітап болып басылған.

 

Кітаптары: 

1. Әлтай А. Ақын – жыраулар поэзиясы (XV-XVIII ғғ.): Оқулық.  А Әлтай.  Астана: Ақжолтай, 2013. – 232 б.

2, Әлтай  А. Д. Қазақ балалар поэзиясы: генеалогиясы, типологиясы, поэтикалық дамуы: Монография. – Астана: Фолиант, 2009. – 384 б.

3. Айбозым: мақала - сұхбаттар, арнау - лебіздер, радиохабарлар және әндер/Құраст.: А.Әлтай, Е.Төлеутай, А.Нығызбай. - 424 бет 

4. Аралбай батыр. Шежіре. ( Құрастырған А. Әлтай) – Астана: Фолиат, 2011.- 304 бет.

5. Қызыл асық. Құраст. Аманжол Әлтай, Қойлыбай Асанұлы.- Нұр – Сұлтан: «Кәусар» баспасы, 2020.- 272 бет + 24 бет түрлі түсті жапсырма.