ӘЛЖАНОВ Төкен
1953 жылы Жаңаарқа ауданының алыстағы шаруашылық орталығы Айшырақта туған. Сегіз қырлы, бір сырлы азаматтың Жаңаарқа ауданының мәдениеті мен өнерінің өсіп-өркендеуіне қосқан үлесі мол. Көп жылдар «Жаңаарқа» газетінде, аудандық мәдениет бөлімінде қызмет атқарған.
Қаламгерлік жолын өлең жазудан бастаған. Кейін проза жанрына түбегейлі бет бұрып, қарымды жазушы ретінде танылған. Оның қаламынан туындаған көптеген әңгіме-повестер әдебиет сыншылары, белгілі жазушылар тарапынан жақсы бағаланып, оқырмандардың сүйіп оқитын шығармалары болған.
Т.Әлжанов бірнеше прозалық шығармалардың авторы. Қазақстан жазушылар одағының мүшесі. Т.Әлжановтың сырлы сезімге толы әсерлі әуенді «Жаңаарқа вальсы» Жаңаарқаның әнұраны болып кеткен.
Кітаптары:
1. Төкен Әлжантегі, Дөңгеленген дүние
2. Әлжантегі Т. Ән – ғұмыр (әдеби деректі хикаят). – Алматы: ҚазАқпарат, 2010. – 105 бет
3. Әлжантегі Т. Жартастан жеткен жаңғырық (хикаяттар, драма) – Алматы: «Үш Қиян» 2004. 208 бет.
4. Әлжантегі Т. Сарбас Ақын. Роман. – Алматы: ҚАЗақпарат, 2007. – 200 бет.
6. Әлжантегі Т. Егіз Арна (хикаяттар)/ Төкен Әлжантегі – Алматы: «Хантәңірі», 2015, – 380 б.
7. Әлжантегі Т. Сегіз сері. - Алматы, 2006. - 256 бет.
8. Альжантеги Т. Пришельцы безумного мира (рассказы) – Алматы. «ҮШ Қиян», 2017. – 132 стр