Әубәкіров Әбдіқадір

          Әубәкіров Әбдіқадір 1904 жылы Жаңаарқа ауданы 6-ші ауылда Жалғызағаштағы Шаққан Ахмет қажының мешітінде туған. Шаққан Ахмет қажыдан оқыған ескіше сауаты молда адам болған. 1929 жылы Жаңаарқа ауданы құрылғаннан бастап жауапты қызметтер атқара бастаған. 1922 жылдан бастап Арқадағы кіші жүз болыстарының Шымкент облысына ауысу аласапыраны 1930 жылға дейін созылған еді. 9-ші ауыл атанатын Алсай болыстары Тамаларға еріп Шуға көшіп кеткен.