Әубәкірова Аманкүл

Әубәкірова Аманкүл Мылтықбайкызы 1941 жылы 14 карашада Жаңаарка ауданы, Атасу кентінде дүниеге келген. 1949 жылы В.И. Ленин атындагы I қазақ орта мектебіде оқып, 1959 жылы бітірген. 1959 жылы Қарағанды медучилищесіне тусіп, 1962 жылы 6ітіріп, Жаңаарқа аудандық ауруханасында медбике болып жұмыс атқарған. 1963 жылы физиокабинеттің медсестралық екі  айлық оқуды бітірген. 1964 жылы Қарағанды медицина институтына оқуға түсіп 1971 жылы бітірген. Жаңаарқа ауданындағы тораптық ауруханада акушер - гинекелог дәрігер болып қабылданды. 1972 жылы Алматыда білім жетілдіру курсын оқыған. 1981 жылы емхана меңгерушілігіне  тағайындалған. 1989 жылы «Денсаулық сақтау iciн ұйымдастыру» жөнінде Украинада, Кривой Рог қаласында төрт ай білім жетілдіру курсын оқыған. 1997 жылы Тораптық  аурухана жабылып, аудан ауруханасына гинеколог болып жұмыс атқарған. 2003 жылы Павлодар қаласында гинекология саласында білімін жетілдірген. 2006 жылы Қараганды қаласында кардиохирургия орталығына әдіскер дәрігер болып қызмет атқарған. 2008 жылы Қарағанды мединститутында бір айлық дайындықта болып, «Денсаулық сақтау саласын басқарудағы статистика» («Статистика в управлении здравохранения») тақырыбында ғылыми жоба қорғаған.


Кітаптары: 

1. Әубәкірова А.М. Жазамын өзім жайлы - Қарағанды: "Tengri Ltd" ЖШС - 186 б.