Хасен Марал

Марал Хасен 1945 жылы 4 қаңтарда Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданының №5 ауылында дүниеге келген. Мәскеудің Жоғары партия мектебін тәмамдаған. Еңбек жолын 1963 жылы аудандық «Жаңаарқа» және «Новая степь» газеттерінен бастаған. «Жезқазған туы» газетінде жауапты хатшының орынбасары, «Ағадыр таңы», «Агадырская новь» басылымдарының редакторы қызметін атқарған. Кейін бірнеше жыл Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газетінде бас редактордың орынбасары болып еңбек етті. Академик Евней Букетовтың «Святое дело Чокана» эссесі мен грузиялық жазушы Реваз Махатадзенің «Под небом Казахста­на» романын қазақ тіліне аударған. Сондай-ақ, әр жылдары француз жазушысы Альбер Камюдің «Молчание», жапондық Кэндзабуро Оэның «По­слевоенное поколение», британиялық Сомерсет Моэмның «Луизу», америкалық Теодор Драйзердің «Во тьме», италиялық жазушы Джакомо Казанованың «Мему­ары» атты шығармаларын тәржімалаған. «Жүрек қанын сия қылған», «Аудармалар», «Мазасыз күндер» кітаптарының авторы. 

 

Кітаптары: 

1. Ескенеден шыққан елге танымал ана. – Қарағанды, 2016 – 124 бет.

2. Жүрек қанын сия қылған../ Жорналшының жазбалары мен аудармалары. / Марал Хасен. Қарағанды: «Гласир». –  2009. – 464 б.

3. М. Хасен. Жалғасқан ғұмыр / Журналистің жазбалары, ой – пікірлер, естеліктер (жинақ). Қарағанды: «Типография Арко» ЖШС. – 2018. – 480 б.

4. М. Хасен. Сынын бермес сырлы сөз. – Қарағанды : «TENGRI  LTD», 2012. 308 бет.

5. Коэльо Пауло Алхимик. Роман. Алматы:  Мазмұндама»  қоғамдық қоры, 2021.-168 бет. (Аударған: Марал Хасен)

6. Марал Хасен.Аудармалар. – Алматы:ҚАЗақпарат, 2021. – 284 бет.

7. Е.Луқпанов.  М.Сембаев. Жауынгер қыздар. Боевые подруги. Г. Караганда, 1995. – 139 б.