Ибрахимов Нариман

Сәуір айының соңғы күндері ауданымыздың тұрғыны, еңбек ардагері, «Ленин» орденінің иегері Нариман Ибрахимов өмірден озды.

     Нариман Ибрахимов 1939 жылы тамыз айында Жаңаарқа ауданы, Атасу кентінде жұмысшы отбасында өмірге келген. Еңбек жолы 1955 жылы Алғабас колхозында басталған. 1956 жылы Қарағанды облысы, Саран қаласындағы №12 ауылшаруашылығын механикаландыру училищесіне оқуға түсіп, механизатор болып жұмысқа орналасады. Кейін Сәкен Сейфуллин атындағы совхозға мезханизатор болып ауысады. Осы жерде үзіліссіз еңбек етіп, еңбек  демалысына шығады. Нариман Ибрахимов еңбек сүйгіштігімен, тиянақтылығымен көзге түсті. 1971 жылы КПСС мүшелігіне қабылданды.Техниканың тілін жетік білетін білікті маман «К – 700» тракторымен оныншы бесжылдықтан ауданымызда алғашқылардың бірі болып мамандығына бейімдеуге атсалысып, механизаторлар даярлауға ықпал етті. Жұмыстағы екпінді еңбегімен кейінгі буынға үлгі болды. Еңбекте зор табысқа жетіп, қоғамдық жұмысқа белсене араласты. Облыстық партия комитетінің  мүшесі, С.Сейфуллин селолық Советінің депутаты,халық бақылаушылар тобының мүшесі болды. Ауылшаруашылығын өркендетуге өлшеусіз үлес қосты. Ертен еңбегі бағаланып «Ленин» ордені мен «Ерлік еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Нариман Ибрахимов – еліне елеулі, жүрген ортасына қадірлі, отбасына мейрімді жан еді.