Ілиясов Боранқұл

Ілиясов Боранқұл 1925 жылы 1-ші ауылда туған. Ақмолада орта мектепте оқып жүріп, өзі сұранып майданға аттанады. Ташкенттегі Ленин атындағы әскери училишені бітіріп, гвардия әуе десанты құрамында соғысқа қатысып, 1945 жылы 2-топтағы мүгедек болып елге оралған. 1946 жылдан бастап зейнеткерлікке шыққанға дейін есепші-жоспарлаушы, аға экономист болып қызымет атқарған. Қызыл Ту ордені, 1-ші дәрежелі Отан соғысы ордені және көптеген медальдар мен марапатталған. 1996 жылы қайтыс болған.