Ісләмұлы Ібрахым
Ібрахым Ісләмұлы 1947 жылы Жаңарқа ауданы Атасу кентінде туған. Мамандығы дәрігер, Қарағанды медицина институтының түлегі (1970). Өлкетанушы. Еңбек жолын қиыр Шығыста әскери дәрігер болып бастаған (1970-1972). Ұзақ жылдар Жаңаарқа аудандық тораптық ауруханаларда жемісті қызмет етті. Міндетті медициналық сақтандыру мекемесінің Жаңаарқа филиалының директоры болды (1995-1997). Жаңаарқа ауданы әкімінің орынбасары (1992-1995, 1997-2006) қызметн абыроймен атқарды. 2006 жылдан Қарағанды облысы Абай ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. . Ел мен жер тарихына қатысты бірнеше қітап-жинақтардың авторы. Зерттеу мақалалары мен публицистикалық материалдары еліміздің беделді басылымдарында көптеп жарияланған. ҚР Мәдениет министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісімен, бірнеше медальдармен марапатталған.
Кітаптары:
1. Атыңнан айналдым, Жаңаарқам /Қарағанды: Болашақ – Баспа,1999 –236 бет.
5. Ақтауым - атамекенім. /І.Ісләмұлы, Ж.Қызбала, М.Әнуарұлы - Қарағанды: "Гласир", 2010. - 450 б.